Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты

Иран АҚШ-пен келіссөз жүргізуден үзілді-кесілді бас тартты
Фото: depositphotos.com

Иран АҚШ-пен ешқандай келіссөз жүргізбейді. Бұл туралы Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесінің хатшысы Әли Лариджани мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қандай жағдай болса да АҚШ-пен келіссөз жүргізбейміз", - деп жазылған хабарламада.

Мән-жайы

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы ауқымды әскери операция бастады. Тель-Авив соққының мақсаты Тегеран ядролық қару алуына жол бермеу екенін мәлімдеді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Иран флоты мен қорғаныс өнеркәсібін жоюға ниет білдірді.

Жексенбіге қараған түні Иранның жоғары көсемі Әли Хаменеи қайтыс болғаны жарияланды. 

Тегеран жауап ретінде Израиль аумағына, сондай-ақ, Таяу Шығыстағы Америка базаларына шабуыл жасап жатыр.

Ал АҚШ президенті Дональд Трамп New York Times газетіне берген сұхбатында АҚШ әскери күштері қажет болған жағдайда Иранға шабуылды төрт-бес апта бойы жалғастыруға ниетті екенін айтты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget