- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Ипотекасы бар адам...
Ипотекасы бар адам қайтыс болған жағдайда не болады?
Ипотекасы бар адам қайтыс болған жағдайда не болады? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.
Ең алдымен мұрагер бірден борышкерге айналмайтынын түсіну маңызды, өйткені бұған заңды негіздің болуы шарт. Мұрагерлік құқық жағдайында мұндай негізге мұраны қабылдау жатады. Сонымен қатар мұраны қабылдау кезінде құқықты таңдап, міндеттерден бас тарту мүмкін емесін есте сақтаңыз. Мұра мұрагерге жан-жақты және өзгеріссіз күйде өтеді.
Яғни егер қайтыс болған адамның ипотекаға алынған пәтерін иемденгіңіз келсе, пәтерге құқықпен бірге ипотеканы да өтеуге міндеттелесіз.
Мұрагер мұра қалдырушының қарыздары бойынша жауап беруі үшін белгілі бір шарттар орындалуы тиіс:
- мұрагер мұраны мұра ашылған жерге өтініш немесе мұрагерден Куәлік беру туралы өтініш беру арқылы қабылдауы керек. Мұрагерлік құқығы туралы Куәлік мұра ашылған күннен бастап 6 ай өткен соң беріледі;
- мұрагер өсиет негізінде мұрадан айырылмауы керек;
- мұрагер мұрадан бас тартпауы керек;
- мұрагер қандай да бір мүлікті алуы керек.
Мұра қалдырушының қарызын төлемеу үшін мұрагер мұра ашылған күннен бастап 6 ай ішінде мұрадан бас тарта алады. Мұрадан бас тартқысы келетін адам мұра ашылған жерде нотариусқа жазбаша өтініш беруі керек.
Мұраның бір бөлігінен бас тартуға, ескертулермен немесе шартпен мұрадан бас тартуға жол берілмейді.
Егер мұрагерлер болмаса немесе бәрі мұрадан бас тартса, онда мұра - иесіз мүлік деп танылады. Яғни мүлік мұра ашылған жерде коммуналдық меншікке өтеді.
Еске салайық, бұған дейін қайтыс болған адамның несиесін кім төлейтіні хабарланған болатын.
Мұрагерлік бойынша қарыздан бас тартуға бола ма?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә