Ипотека бойынша шекті мөлшерлеме төмендеуі мүмкін

Ипотека бойынша шекті мөлшерлеме төмендеуі мүмкін
Фото: depositphotos.com

Қазақстанда ипотека бойынша шекті мөлшерлемені төмендету жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін айқындауға қатысты қаулы жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жариялады.

"Жобада ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерін төмендету көзделіп отыр", - деп жазылған хабарламада.

Құжатқа сәйкес ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 25 пайыздан 20 пайызға дейін төмендейді.

Бұл ретте банк қарыздары бойынша шекті мөлшерлеме сол күйінде сақталады: кепілсіз қарыздар бойынша 46 пайыз, кепілмен берілген кредиттер бойынша 35 пайыз.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget