"Иоланта" операсын Халықаралық академия солистері орындайды

"Иоланта" операсын Халықаралық академия солистері орындайды

Петр Чайковскийдің "Иоланта" мәңгі өшпес туындысы "Астана Опера" Симфониялық оркестрі мен хорының сүйемелдеуімен Халықаралық опера академиясы солистерінің концерттік орындауында алғаш рет шырқалады. Классикалық музыка жанкүйерлеріне композитордың махаббаттың емдік күшіндәріптеген соңғы операсымен 28 ақпан мен 1 наурызда көптен күткен кездесудің сәті түседі. Қоюшы дирижер Руслан Баймурзин, қоюшы режиссёр - Еренбақ Тойкенов.

Генрих Герцтің "Рене патшаның қызы" поэмасынан шабыт алған Петр Чайковский"Иоланта"музыкалық драмасымен жұмыс істей отыра, оның тыңдармандары көз жастарын тыя алмайтынына уәде берген еді. Сондықтан жас орындаушылардың алдына күрделі міндет қойылды: олар тұрмыстың философиялық мәніне толы хикаяны бастан кешірулері керек.

Дирижер Руслан Баймурзин атап өткендей, академияда білім алып жүрген жастардың барлығы өте дарынды, олардың көбінің сахнада тәжірибелері бар.

"Академия тыңдаушыларымен бірінші рет жұмыс істеп жатқан жоқпын: былтыр мен оларды В.А.Моцарттың "Дон Жуан" операсына дайындадым. Бұл жолы біз П.Чайковскийдің "Иоланта" бір актілі операсын қоямыз деп шештік", - деп атап өтті маэстро.

Академияның әрбір солисінің осы қойылымға қатысуы біз үшін маңызды,нәтижесінде толық екі құрам қалыптасты. Жас орындаушылардан әдемі ән айту ғана емес, өздерін сахнада еркін ұстау да талап етіледі, сондықтан біз оларды театр репертуарындағы түрлі операларға екінші кезектегі рөлдерге жиі тартамыз.

Қоюшы режиссер Еренбақ Тойкенов спектакльде театрдың үлкен сахнасының техникалық әлеуеті қолданылатынын, бейнепроекциялар, сахналық жарықтың мүмкіндіктері және тағы басқаларыіске қосылғанын айтып берді. Сонымен қатар,  қойылым авангард стилінде аздаған декорация, костюм және реквизиттермен өтеді, себебі оның мағынасына, бірнеше ғасыр бойы пікірталасқа түрткі болып келе жатқан өзге әлемнің бары жайлы басты философиялық ойды ашуға айрықша көңіл бөлу жоспарланып отыр.

"Иолантаның" оқиға желісі көзі көрмейтін бойжеткен жайлы әңгімелейді. Ол өзінің зағип екенінен бейхабар, алайда орманда жасырынған сарайға кездейсоқ тап болған күтпегенқонақтар оған жақындары жасырып келген құпияны ашады. Опера басты кейіпкерлердің жарық дүние жайлы пікірталасымен аяқталады. Мейман–граф Водемон Тәңірдің қалауы мен фәниді тек көз көрсе ғана түсіну мүмкін екеніне көндірмек болады, ал бойжеткен ол үшін көкірек ояу болғаны жеткілікті екеніне сенімді.

"Чайковскийдің "Иолантасы" кез келген қоюшының зор қызығушылығын туғызады", - деп атап өтті режиссер. Драматургияның кемеңгерлігі - оның оқиға желісі тұрғысынан қарапайым,алайда идеясының терең мәнге ие болуында. Мен бұл операмен осыдан 10 жыл бұрын ГИТИС-тің студенті болып жүрген кезімде танысқан едім, содан бері ол туралы көп ойландым, қалай қойсам деген ойда жүрдім.Қазір оны Халықаралық опера академиясының тыңдаушыларымен бірге жүзеге асыратын уақыт келді".

"Театрымыздың репертуарында композитордың "Щелкунчик" балеті, "Евгений Онегин" операсы секілді мәңгі өшпес туындылары бар, енді міне "Иоланта" қосылады, ол біздің қымбатты көрермендерімізге арнап шырқалады, - деді басты ер партиясы - Бургундия герцогы Робертті сомдаушы Азат Мәлік.

"Операға қызу дайындық жүріп жатыр.Күн сайын дирижер Руслан Баймурзинмен, ұстаздарымыз Дмитрий Вдовин және Барсег Туманянмен бірге ән саламыз. Атақты оқытушылардың сабақтары өз жемісін бередідеп ойлаймын, сондықтан алда болатын спектакльдерге опера музыкасының жанкүйерлерін қуана шақырамын".

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина