- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- алаяқтық
Инвестициялау: полиция Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Алматы полициясы "инвестициялық" алаяқтардың белсенділігі артқанын ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматы Киберполы интернет-алаяқтықтың ең танымал түрлері туралы ескертті. Полицияның хабарлауынша, ақпараттық ресурстарда және әлеуметтік желілерде ақшаны табысты бизнеске кепілдендірілген инвестициялау, сондай-ақ ай сайынғы дивидендтер мен бонустары туралы хабарландырулар орналастырылады.
"Әдетте, алаяқтар шетелдік немесе қазақстандық банк карталарына, сондай-ақ электронды әмияндар мен басқа да төлем жүйелері арқылы ақша аударуды сұрайды. Адамдардың сеніміне кіру және басқа да құрбандарды тарту үшін олар бастапқы кезеңде аз мөлшерде ақша төлейді. Әдетте, алғашқы төлемдер алаяқтықтың жаңа құрбандарының салған қаражатынан жасалады. Қомақты сомма жинаған соң, алаяқ төлем жасауды тоқтатады", - дейді Алматы қалалық ПД киберқылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Анес Қалдыбаев.
Полиция азаматтарды қырағылыққа, сақ болуға және аңғал болмауға шақырды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жапатова