- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Интимдік сипаттағы массаж:...
Интимдік сипаттағы массаж: Ақтөбеде 60 қыз жазаланды
Ақтөбеде интимдік қызмет көрсеткен және интимдік сипаттағы массаж жасаған 60 қыз анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Аталған адамдар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 449-бабы, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар 4 массаж салоны мен бір сауна анықталды, оның иелері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақтөбе облысы полиция департаменті тұрғын үй-жайларды жалға берумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді және риэлторлық қызмет көрсететін ұйымдарға "жезөкшелікпен" немесе "жеңгетайлықпен" айналысу үшін үй-жайларды ұсыну әкімшілік құқық бұзушылыққа жататынын және ол үшін 100 АЕК және одан жоғары мөлшерде айыппұл қарастырылғанын ескертті.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан