Ташкентте интим видеоларын таратпау үшін қыздан ақша бопсалаған жігіт ұсталды, - деп хабарлайды Podrobno.uz.
"26 жастағы Олимжон танысының сеніміне кіріп, оны бопсалауға шешім қабылдаған. Ол қыздың жеке видеолардын таратпау үшін 900 доллар талап еткен", - деп атап өтті құқық қорғау ведомствосы өкілі.
Ер адамның сөзінше, олар ақпанда танысқан.
"Біз биыл ақпанда таныстық, әлеуметтік желілерде хабарласып, кейде көрісіп тұрдық. Маусымда одан ішкиімсіз сурет жіберуін өтіндім. Ол басында келіспеді, кейін бірнеше видео жіберді. Біраз уақыт өткен соң, маған ақша қажет болды. Сөйтіп, видеоларды қолданып, бопасалай бастадым", - деді ер адам.
Шілденің басында Олимжон қыздан 400 доллар алған әрі оны мазаламауға уәде берген. Алайда ол сөзінде тұрмаған, осылайша, бопсалауды жалғастыра берген. Ер адам қалған 500 долларды талап еткен. Содан кейін қыз құқық қорғау органдарына жүгінген.
Басылым мәліметінше, тексеріс барысында ер адам Сергелі-2 аумағында ақша алған кезде ұсталған. Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 165-бабы (Бопсалау) бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ол қамауда отыр.