- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Интим видеоларын таратамын...
"Интим видеоларын таратамын деп бопсалаған". Астанада ЖШС директорлары ұсталды
Астанада әйелді интим жазбаларын таратамын деп бопсалағандар ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым мәліметінше, елордалық Полиция департаментіне 31 жастағы қала тұрғыны бопсалау дерегі бойынша арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, ЖШС-нің қаржы директоры мен еншілес компаниясының атқарушы директоры қорқыту және интимдік жазбаларды тарату арқылы одан 40 миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған.
Бұл ретте күдіктілер 15 миллион теңгеден астам қаражаттың бір бөлігін иемденіп, қалған соманы бопсалауды жалғастырған.
Астана қаласының Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері екеуін ақша қаражатын беру барысында қылмыс үстінде ұстады, олардан 2 миллион теңге көлемінде ақша қаражаты тәркіленді.
Бұл дерек бойынша аса ірі мөлшерде бопсалағаны үшін Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина