- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Интим видео үшін:...
Интим видео үшін: Астана тұрғыны Land Cruiser Prado көлігін ломбардқа тапсырған
Астаналық полицейлер тұрғынды өзінің интимдік видеосымен бірнеше жыл бойы бопсалап келген ер адамдарды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция департаменті мәліметінше, 31 және 46 жастағы екі ер адам астаналық тұрғыннан ақша бопсалаған.
"Олар психологиялық қысым көрсетіп, интимдік сипаттағы фотосурет пен бейнежазбаларды таратамыз деп қорқытып, 2019 жылдан бастап ер адамды бопсалаған. Бірнеше жыл ішінде астаналық азамат бопсалаушыларға жалпы сомасы 38 млн теңгеге жуық ақша берген. Күдіктінің бірінің талабын орындау үшін жәбірленуші өзінің Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін ломбардқа тапсырып, 10 млн теңге берген", - делінген ПД хабарламасында.
Ер адам полицияға биыл қарашада 46 жастағы күдіктінің кезекті бопсалау фактісінен кейін жүгінген.
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері бопсалауға қатысы бар екі ер адамды ұстады және қамауға алды. Күдіктілердің бірі Алматыда ұсталды. Жеке тексеру барысында одан есірткі заты оралған түйіншек тәркіленді. Ұсталған адамның бұрын осыған ұқсас қылмыс жасағаны үшін сотталғаны анықталды", - деп хабарлады Астана ПД баспасөз өкілдері.
Астана ПД баспасөз өкілдері дерек бойынша ҚР Қылтыстық кодексінің 194-бабы "Қорқытып алу" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысының полицейлері үйінде кісі өлтіру болды деп жалған хабар берген мас тұрғынды анықтағаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңздар: Қазіргі заман айтысының мақсаты мен міндеттері қандай?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә