Абай облысында интимдік фотосы үшін семейліктен бір миллион теңге бопсалаған ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері облыс орталығының тұрғынын ұстады.
"Ол шілденің ортасынан бастап танысының интимдік фотоларын таратамын деп, 1 миллион теңге бопсалап келген. Тергеу әрекеттері барысында 150 000 теңге тәркіленді", - деді Абай облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқарма бастығының орынбасары Әсет Шахантаев.
Күдіктінің әрекеттері 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жазаны көздейтін ҚР ҚК-ның 194-бабы 1-бөлігі "Бопсалау" бойынша сараланады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!