Ақтөбеде танысын бопсалаған күдікті қамауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақтөбе қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, бұрын қарым-қатынаста болған таныс ер адам оның келісімінсіз түсірілген интим сипаттағы видеоларды таратамын деп қорқытып, психологиялық қысым көрсетіп жүргенін айтқан.
Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды. Ол көршілес облыстың 38 жастағы тұрғыны болып шықты.
"Бұл дерекке қатысты соталды тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Ақтөбе облысы ПД өкілі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз