- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Интим қызметін ұсынатын...
Интим қызметін ұсынатын әйел клиентінің жыныс мүшесіне пышақ сұғып алған
Малавиде секс-жұмысшы клиентпен ақша үшін дауласып, оны пышақтап тастады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Оқиға биыл 28 сәуірде Манки-Бэй қаласында болған. Полиция мәліметінше, 29 жастағы Патрисия Уайсон жәбірленушіге жыныстық қызмет көрсетуге келіскен. Ол ер адамның үйіне барып, жұмысы үшін мың квача (шамамен 25 мың теңге - еск.) алуға келіскен.
Уайсон мен оның клиенті арасындағы жанжал жыныстық қатынас аяқталғаннан кейін басталған. Ер адам төлем жасаудан бас тартқан кезде әйел ашумен пышақты алып, оны бірнеше рет ер адамның жыныс мүшесіне сұғып алған.
Уайсон қамауға алынып, жараланған адам ауруханаға жеткізілген, оған алғашқы көмек көрсетілген. Ер адам әрі қарай тексерілу және емделу үшін ауруханада қалған. Дәрігерлердің пікірінше, ер адам жыныс мүшелерін немесе оларды жыныстық мақсатта пайдалану қабілетін біржола жоғалтуы мүмкін.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова