Интернетте Samsung Galaxy Note 5 смартфонының суреттері пайда болды. Фотосуреттер droid-life.com сайтында жарияланған.
Сайттың жазуынша, смртфонның шанағы металдан жасалған. Ал артқы жағына әйнек бекітілген. Тағы бір айта кетерлік нәрсе, телефонда SD-карталарды салуға арналған тесік жоқ.
Смартфонның жедел жады 4 гигабайт болады-мыс. Ал жалпы жады 32, 64 немесе 128 гигабайт болмақ.
Айта кетелік, бұған дейін Samsung Galaxy Note 5 смартфоны ресми түрде шілде айында таныстырылатынын айтқан едік.