Өкінішке орай, әзірге біз қол жеткізген интернетті Жердің барлық тұрғыны қолдана алмайды. Дегенмен олардың саны жылдам артып келеді. Қазіргі интернет қолданушыларының саны ағымдағы жылдың соңына қарай 3,2 миллиард адамға жетеді. Бұл туралы электроника және байланыс халықаралық бірлестігі хабарлады.
Бірлестіктің берген ақпаратына сенсек, интернет қолданушыларының саны дамушы елдердің есебінен артқан. Айта кетсек, жалпы есептің 2 миллиарды Қазақстан сынды дамушы елдердің азаматы екен.
Осыдан он бес жыл бұрын ғаламторды қолдану мүмкіндігіне ие адамдар 6,5% ғана болған болса, қазір бұл көрсеткіш 43,4%-ға жеткен. Интернеттің әлемдік қолданысқа енуіне 2G және 3G желілері септігін тигізуде. Ал Оңтүстік Корея, Франция, Ирландия және Дания елдері ең жылдам ғаламторды пайдаланып келеді.