Ookla әлемнің әртүрлі еліндегі интернет жылдамдығын зерттеп, Speedtest нәтижелеріне сәйкес рейтинг жасады. Қазақстан да осы елдер тізіміне енді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мобильді интернет жылдамдығы бойынша Қазақстанда орташа көрсеткіш - 35,49 Мбит/с, осылай ол 67-орынды иеленді, алайда стационарлық интернет жылдамдығы бойынша 94-орында, яғни 51,41 Мбит/с.
БАӘ 324,92 Мбит/с жылдамдықпен мобильді интернет жылдамдығы бойынша елдер тізімінде бірінші орында тұр. Одан кейін Қытай (161,56 Мбит/с), Норвегия (153,18 Мбит/с), Дания (147,03 Мбит/с), Оңтүстік Корея (136,40 Мбит/с) және Нидерланды (122, 94 Мбит/с).
Стационарлық интернет жылдамдығы бойынша он көшбасшы елдің ішінде бірінші орынға Сингапур (263,51 Мбит/с) шықса, одан кейін Гонконг (259,02 Мбит/с), Чили (249,82 Мбит/с), Қытай (248,92 Мбит/с), Монако (247,37 Мбит/с), БАӘ (239,40 Мбит/с), Исландия (226,05 Мбит/с), АҚШ (219,71 Мбит/с), Тайланд (216,26 Мбит/с), Дания (209,52 Мбит/с) тұр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!