- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Интернет-алаяқтықтан қалай құтыламыз?...
Интернет-алаяқтықтан қалай құтыламыз? Маман маңызды үш жолын айтты
Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері интернет-банкингті қолдану кезінде алаяқтардың айла-тәсілдерінен қалай қорғануға болатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, жыл басынан азаматтарға 15 миллиард теңге шығын келтірілген. ҚМА мамандары алаяқтардан қорғану жолдарын түсіндірді.
Біріншіден, банк карталарының дерегін сақтаңыз. Жеке деректеріңізді ешкімге жібермеңіз. Қандай да бір белгісіз адам хабарласса ешкімге SMS-код жібермеңіз.
Екіншіден, алғы төлем жіберер алдында тауардың бар-жоғын тексеріңіз. Банк картаңызды ешкімге бермеңіз. Себебі бір затты не тауарды сатып алу алдында тауардың бар-жоғына көз жеткізіңіз. Интернет-алаяқтық бойынша көбіне алданатындар зейнеттегі адамдар екен. Себебі олардың қаржы сауаттылығы төмен.
Үшіншіден, интернетте алаяқтар туралы ақпаратты таратыңыз. Интернет-алаяқтықты жоюдың ең басты жолы - ол алаяқтар туралы ақпарат тарату. Баласы ата-анасына қандай да бір алаяқтың жолы пайда болғанын түсіндіріп отырса, оқушыларға түсіндірілсе қаржы сауаттылығы артып, мұндай жағдайлар кем дегенде 50 пайызға азаяр еді дейді мамандар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина