Жамбыл облысында жедел іздестіру іс-шаралары барысында Алматы аумағында интернет алаяқтарға көмектесті деген күдікпен 22 жастағы ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу мәліметі бойынша күдікті курьер қызметін атқарған. Ол қылмыстық схеманы ұйымдастырушылардың нұсқауымен банк карталары мен телефондарды тасымалдап, банкоматтар арқылы қолма-қол ақша шешіп отырған.
Бұл дерек бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.
"Алдын ала мәліметке сәйкес күдікті 2026 жылғы сәуірден бастап банк карталары мен телефондарды жеткізумен айналысқан. Тергеу барысында осы кезеңде оның бірнеше рет Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығып, Қазақстан азаматтарының банк карталарын интернет алаяқтықпен айналысатын қылмыстық топ құрамына кіруі мүмкін, анықталмаған тұлғаларға тапсырғаны анықталды. Күдіктіден бес телефон және екінші деңгейдегі түрлі банктерге тиесілі 13 банк картасы тәркіленді. Карта иелері оларды ақшалай сыйақы үшін өз еркімен пайдалануға берген", - деді ІІМ өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!