Интернет алаяқтар баланы алдап, ата-анасының қаржысына қол салған

Интернет алаяқтар баланы алдап, ата-анасының қаржысына қол салған
Фото: Midjourney

Ақмола облысында интернет алаяқтар баланы алдап, ата-анасының қаражатын жымқырған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Келген шығын 1 миллион 128 мың теңгеден асады.

Целиноград ауданының полиция бөліміне ауыл тұрғыны баласының интернет алаяқтықтың құрбаны болғанын айтып шағымданған. Әкесі жасөспірімнің ірі көлемде ақшадан айырылғанын айтып, көмек сұраған.

Алдын ала тергеу барысында оқиға 18 қаңтарда болғаны анықталды. TikTok-та тікелей эфирді көріп отырған жасөспірімге белгісіз біреу хабарласып, онлайн ойындағы аккаунтын тегін беруге уәде еткен. Алайда бұл үшін бала кез келген ересек адамның банктегі шот нөмірін немесе картасын ұсынуы, оны бір сайтқа аударуы қажет екенін айтқан.

Қаскүнемнің сөзіне сеніп қалған бала оның талаптарын орындаған, алайда ақшаны алғаннан кейін алаяқ байланысқа шықпай, ізін суытқан.

Бұл дерек бойынша полиция соталды тергеуді бастап, күдіктінің жеке басын анықтап жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова