• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Интернет алаяқтар ақмолалық зейнеткерді сан соқтырған

Интернет алаяқтар ақмолалық зейнеткерді сан соқтырған
Фото: depositphotos.com

Ақмола облысының тұрғыны интернет алаяқтықтың құрбаны болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Зеренді ауданының 66 жастағы тұрғыны алаяқтардың құрбанына айналды. Белгісіз адамдар танымал банктердің бірінің атынан әрекет етіп, әйелдің атына 1 миллион теңге көлемінде тауар несиесін рәсімдеген.

Жәбірленушінің айтуынша, 14 қаңтарда оған белгісіз адамдар қоңырау шалып, өзін таныстырып үлгермей, 1414 нөмірінен келген SMS кодты айтуды сұраған. Алаяқтар осы код арқылы жалған құжаттар жасап, әйелдің атына дүкеннен жиһаз сатып алу үшін несие алған. Көп ұзамай оның шотына 800 мың теңге түскен.

Біраз уақыттан кейін алаяқтар бұл ақшаны қателесіп аударғанын айтып, соманы қайтаруға көндірген. Әйел барлық қаражатты кері аударған. Кейін зейнеткерге несиені өтеу туралы хабарлама келген. Осыдан кейін ол күмәнданып, банкке жүгінген. Банк оның атына расында несие рәсімделгенін растады.

Әйел дереу полицияға арыз жазды. Бұл жағдай бойынша соталды тергеу басталды. Қазір күдіктілер кім екені анықталып жатыр.

Полиция қызметкерлері азаматтарға маңызды ескерту жасады:

  • Ешқашан SMS хабарлама арқылы келген кодтарды бейтаныс адамдарға айтпаңыз;
  • Белгісіз тұлғаларға ақша аудармаңыз;
  • Шотыңызға қаражат түссе, оны алдымен банк арқылы тексеріңіз;
  • Күдік тудыратын жағдай болса, дереу банкке және полицияға хабарласыңыз.
  • Кез келген жағдайда барынша сақ болыңыз!

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget