Оксфорд университетінің ғалымдары қант қосылған сусындарды жиі тұтыну жүрек-қан тамырлары аурулары (ЖҚА) мен инсульт қаупін арттыратынын анықтады. Зерттеу нәтижесі BMC Medicine журналында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Зерттеу барысында ғалымдар 100 мыңнан астам адамның қалай тамақтанатынын бақылады. Зерттеушілер қатысушылардың денсаулығы туралы ақпарат жинап, 206 тағам түрі мен 32 сусыннан алынатын көмірсуларға қатысты диетаны талдады.
Зерттелетін көмірсулардың түрлері қантқа бөлінді, ол әрі қарай бос қанттарға және талшықтарға (крахмалды емес полисахаридтер) жіктелді. Осыдан кейін 9 жылға бақылау кезеңі басталды.
Осы уақыт аралығында 10 мыңға жуық еріктіден жүрек ауруы мен инсульт анықталды. Қосымша зерттеулер мен бірқатар түзетуден кейін ғалымдар көмірсуларды тұтыну жүрек-қан тамырлары ауруларының ықтималдығына әсер етпейді деген қорытындыға келді.
Дегенмен, қантты газдалған сусындар, жеміс шырындары және сүттен дайындалған коктейльдері тым көп ішу инсульт пен жүрек аурулары қаупін жоғарылатады.
Бос қанттардан алынатын энергияның (калорияның) әрбір бес пайызынан кейін инсульт қаупі 10пайызға, ал жүрек ауруы 6 пайызға өседі.
Айта кетейік, бұған дейін дәрігер күнделікті әдеттің бірі инсульт пен жүрек ауруына әкелетінін айтқаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Наурыз қай елдерде тойланады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!