- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Инстульттың екі негізгі...
Инстульттың екі негізгі белгісі қандай болатыны айтылды
Жүрек-қан тамырлары аурулары жыл сайын мыңдаған адамның өліміне себеп болып, бүкіл әлем бойынша өлім себептерінің тізімінде. Оның ішінде, ең көп таралған патологиялардың бірі - инсульт. "Доктор Питер" басылымы адамда инсульт болуы мүмкін екенін ескертетін белгілер туралы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Инсульттың "классикалық" белгілерін FAST тесті арқылы анықтауға болады. Яғни:
face: бет - адам күлген кезде ассиметрия байқала бастайды. Қабақ түсіп, ерін пішіні өзгереді.
arm: қол - аяқ пен қолдың әлсіреуі, мұндай жағдайда адам екі қолын бір уақытта әзер көтереді.
speech: сөйлеу - адам не айтқанын түсінбеуі мүмкін. Сонымен қатар, ұйқы нашарлап, адамдардың оған айтып жатқанын түсіну қиынға соға бастайды.
touch: жанасу, тию - сезімталдық жоғала бастайды, қандай да бір дене мүшесінің ұйып қалады.
Одан бөлек, өтпелі ишемиялық шабуылдар бар. Бұл инсультпен байланысты жағдай. Жақын арада ауру қаупінің жоғарылауын білдіреді. Аяқ астынан аяғыңыз ұйып бастауына мән беріңіз. Яғни тағы бір белгі - аяқтың әлсіреп кетуі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина