Instagram әлеуметтік желісіндегі суреттердің сапасы артады. Нақтырақ айтар болсақ, енді сайтқа сапасы 1080p суреттерді жүктеуге болады.
Бұған дейін Instagram желісіне 640х640 пиксель суреттер ғана жүктелетін. Мұның басты себебі, мобильді қосымшаны қолданушылар Instagram-ға көбіне смартфон арқылы кіреді. Ал смартфондардың көбі сапасы 1080p суреттер түсіре алмайтын. Қазір камералардың сапасы артып жатқандықтан, әлеуметтік желі де өз мүмкіндігін арттыруды жолға қойыпты.
«Смартфондар HD-экранға ауыса бастады. Мобильдік интернеттің жылдамдығы да артты. Сондай-ақ, Instagram желісі дербес компьютер платформасына бейімделді. Сондықтан, желідегі суреттердің сапасы да көтерілуі тиіс деп білемін», - дейді Instagram жетекшісі Кевин Систром.
Оның айтуынша, бұған дейін жүктелген жаңартылады. Суреттер бұрынғыша шаршы пішінде жүктеледі.