Instagram жарияланған Stories-ті өңдеу мүмкіндігін қосты

Instagram жарияланған Stories-ті өңдеу мүмкіндігін қосты
Фото: depositphotos.com

Instagram әлеуметтік желісінде жарияланып қойған Stories-ті өңдеуге мүмкіндік беретін жаңа функция пайда болды. Енді пайдаланушылар қате жіберген жағдайда Stories-ті өшіріп, қайта жарияламай-ақ түзете алады, деп хабарлайды Massaget.kz.

Instagram басшысы Адам Моссеридің айтуынша, өзгеріс енгізуге Stories жарияланғаннан кейін 15 минут беріледі. Осы уақыт ішінде мәтінді, музыканы, стикерлерді және салынған суреттерді өңдеуге болады. Ал негізгі фотоны немесе видеоны басқа файлмен ауыстыру мүмкін емес. 

Қаралымдар мен реакциялар сақталады

Бұған дейін Stories-тен қате байқалған жағдайда оны өшіріп, қайта жүктеу қажет болатын. Соның салдарынан жиналған қаралымдар, лүпілдер мен жауаптар жоғалатын.

Жаңа функцияда өңдеуден кейін:

  • қаралым саны;
  • лүпілдер;
  • пайдаланушылардың жауаптары сақталады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Adam Mosseri (@mosseri)

Өзгеріс енгізілген Stories-те "Өңделді" деген белгі көрсетіледі.

Stories-ті қалай редакциялауға болады?

Жарияланған Stories-ті түзету үшін:

  • Өз Stories-іңізді ашыңыз.
  • Төменгі оң жақ бұрыштағы үш нүктені басыңыз.
  • Мәзірден «Stories-ті өңдеу» немесе «Edit story» тармағын таңдаңыз.
  • Қажетті өзгерісті енгізіп, сақтаңыз.

Бұл әрекеттерді Stories жарияланғаннан кейінгі алғашқы 15 минут ішінде орындау қажет. Уақыт өтіп кетсе, редакциялау батырмасы көрсетілмейді.

Жаңа функция Қазақстанда қолжетімді


Скриншот: Instagram

Жаңарту Қазақстандағы пайдаланушыларға да қолжетімді бола бастады. Функцияны алғаш қолданған кезде Stories-ті 15 минут ішінде өңдеуге болатыны туралы ескерту шығады.

Дегенмен Meta жаңартуларды кезең-кезеңімен енгізетіндіктен, мүмкіндік кейбір аккаунтта бірден көрінбеуі ықтимал. Мұндай жағдайда Instagram қолданбасын соңғы нұсқаға дейін жаңартып, функцияның қосылуын күту қажет. Сондай-ақ Facebook-те қатар жарияланған немесе кейбір арнайы стикерлер қолданылған Stories-те редакциялау мүмкіндігі болмауы мүмкін.

О. Сансызбай
Logotype Massaget