Үш өлшемді картинаны жасайтын құрылғылар адамзат үшін жаңалық емес. Дегенмен, 3D-суретті жасау үшін арнайы булы немесе сулы орта болуы тиіс. Ал осындай шектеуден арылу үшін жапондық Aerial Burton компаниясы 3D-картинаны ашық ауада көрсете алатын аппарат жасап шығарды.
Жаңа құрылғы суретті ауада көрсету үшін инфрақызыл сәулелерді қолданады. Лазер ауа молекуласын иондап, суретке шағылған сәуленің шығу көзін білдірмейді. Инфрақызыл сәулелер кеңістікте белгілі бір нүктелерді иондап алып, фотондарды шығара бастайды. Ал фотондар 3D-суреттің сұлбасын жасайды, деп жазады Geek.com. Дегенмен, молекулаларды жарықпен қамту ұзаққа созылмайды. Сондықтан оны үнемі қайта иондап тұру қажет.
Жасаушылардың ендігі мақсаты суреттің шындыққа жанасатын сапалы бейнесін қалыптастыру болып табылады. Әзірге Aerial Burton компаниясы тек бірнеше нүктеден ғана картина жасауға жетіп отыр.
Болашақта 3D-технология көптеген салада кеңінен қолданысқа енуі мүмкін. Айта кетсек, төтенше жағдайда белгілі бір ғимараттан шығу бағытын көрсету кезінде қолданылатын болады.
Төменде көрсетілген видеода технологияның әрекеттегі нәтижесін көре аласыздар.
Сурет: www.designsnext.com