“Инфляция тым жоғары“. Үкімет пен Ұлттық банк оны төмендету үшін жоспар дайындап жатыр

“Инфляция тым жоғары“. Үкімет пен Ұлттық банк оны төмендету үшін жоспар дайындап жатыр
Фото: depositphotos.com

Мәжілістің жалпы отырысында "2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы талқыланып жатыр. Отырысқа премьер-министр Олжас Бектенов пен Үкімет мүшелері қатысып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Олжас Бектеновтің айтуынша, бірінші кезекте инфляцияны тежеу керек.

"Қыркүйектің қорытындысы бойынша инфляция деңгейі - 12,9%. Біздің пікірімізше, ол - тым жоғары көрсеткіш. Оны төмендету керек және осы бағытта біз Ұлттық банкпен ілесіп, тиісті шаралар жоспарын дайындап жатырмыз. Дайын болған кезде, жақын арада оны халыққа жариялаймыз", - деді премьер-министр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget