Кардиолог Сет Баум жүрек-қан тамырлары ауруларының даму қаупін талдау кезінде липопротеин (а) деңгейінің жоғарылауы назардан жиі тыс қалатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Fox News-қа сілтеме жасап.
Липопротеин (а) - ағзадағы холестеринді тасымалдайтын күрделі ақуыз, оның деңгейі неғұрлым жоғары болса, қан тамырларында холестериннің жиналу ықтималдығы соғұрлым жоғары болады. Ал бұл өз кезегінде инфаркт немесе инсульт қаупін арттырады.
"Липопротеин (а) құрамында жоғары концентрацияда жүрек-қан тамырлары ауруларына әкелетін бөлшектер бар", - деді Сет Баум.
Дәрігердің айтуынша, ағзадағы осы күрделі ақуыздың концентрациясының жоғарылауы атеросклерозды, қан ұйығыштарының пайда болу қаупін, сондай-ақ, холестериннің түйіршікті прогрессиясының және инфаркт қаупінің маңызды аспектісін, қабынуды тудырады.
"Біз мұны үштік қауіп деп атаймыз", - деп ескертті кардиолог.
Баум липопротеин (а) деңгейін жүйелі түрде тексеріп тұруды ұсынды, әсіресе, денсаулығында өзгеріс болған жағдайда міндетті түрде тексерілу керек. Сонымен қатар, маман бұл күрделі ақуыздың деңгейін өмір салты арқылы бақылау мүмкін емес екенін айтты.
Еске салайық, бұған дейін инфаркт пен инсульттың пайда бола бастағанын білдіретін 11 белгісі хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Айдың 28 күні дүниеге келген адамдар қандай болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!