Алматы - Пусан бағытында тікелей әуе рейсі ашылмақ

Алматы - Пусан бағытында тікелей әуе рейсі ашылмақ
Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

1 мамырдан бастап Алматы - Пусан бағытында тікелей әуе рейсі ашылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оңтүстік Кореяның EasterJet әуе компаниясы аптасына екі рет рейстер орындайды.

"Жаңа бағыт Оңтүстік Кореяның ірі портты қаласы мен Алматыны жалғап, екі ел арасындағы туристік әрі іскерлік байланысты жаңа деңгейге көтереді", - деп жазылған хабарламада.

Алматы әкімдігі мәліметінше, қалаға оңтүстік кореялық туристердің қызығушылығы тұрақты түрде артып келеді. 2025 жылы Алматыға Оңтүстік Кореядан 23 мыңнан аса қонақ келген, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 15,3 пайызға көп.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget