Индонезияда жоғалып кеткен әйелдің денесі бес метрлік питонның ішінен табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Dailу Mail-ге сілтеме жасап.
Төрт баланың анасы, 50 жастағы Фарида өзінің Калемпанг ауылынан көрші ауылға азық-түлік сатуға кеткен. Алайда сол кеткеннен қайтып оралмаған. Оны уайымдаған күйеуі әйелін көршілерімен бірге іздей бастайды. Іздеуге шыққандар орманнан іші үлкейіп, тойып жатқан питонды көрген.
Олар питонның ішін жарған кезде одан Фариданың денесі шыққан. Алып жылан әйелді жұтпас бұрын оны аяғынан шағып, тұншықтырып өлтірген.
Питондар негізінен ұсақ жануарлармен, құстармен қоректенеді. Бірақ Индонезияда адамдар да олардың құрбанына айналған оқиғалар болып жатады.
Питонның адамды жұтып қойған соңғы құжатталған жағдайы 2022 жылы Индонезияда болды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!