Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі парақшасында кенже ұлы Заңғар Нұртастың қазіргі әйелін бірінші жұбайымен салыстырған оқырманына шүйлікті, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқырман продюсердің қазіргі келінінің білімі жоқ екенін жазып, өнер иесі жариялаған видеоның астына пікір қалдырған.
Бұған Гүлзира Айдарбекова ашуланып, жауап қатқан.
"Жібектің кімі боласыз? Жібек кемі 6 жас үлкен, оның жасына жеткенше бәрін үйрене жатар, әлі өте жас. Қайтесіз салыстырып, жақын білмеген соң. Біреудің перзентін кемсіту өзіңіздің кемшілігіңіз. Сіздікі шындық емес, іш-күйігі өртеп, көреалмаушылықпен, титымдай қызды өсектеп отырсыз. Индираның ақылы да, миы да сізден әлдеқайда көп", – деп жауап қайтарды ол оқырманына.
Еске салайық, продюсердің кіші ұлы Заңғар Жібек есімді қызбен үйленіп, кейіннен ажырасып кеткен болатын.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!