inDriver-ді жасап шығарған Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды

inDriver-ді жасап шығарған Арсен Томский Қазақстан азаматтығын алды
Фото: Tengrinews.kz

inDriver такси қызметінің негізін қалаушы, якутиялық кәсіпкер Арсен Томский Қазақстан азаматы атанды. Бұл туралы оның өзі сенбіде, 2 желтоқсанда Alternativa кино байқауында айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин өзінің әлеуметтік желілердегі парақшасында Томскийдің сөйлеген сөзінің үзіндісін жариялады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Bagdat Mussin (@bagdatmussin)

"Әлемдегі ірі инвестордың бірі Қазақстан азаматы атанды. Арсен өзі ғана келіп қоймай, біздің елге талантты мамандар тартып, жаңа технологиялар мен идеялар алып келді", - деп жазды министр.

Арсен Томский 2022 жылдың күзінде берген сұхбатында компания кеңсесінің Якутскіден Алматыға көшуі, Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуі және 2016 жылы Қазақстанда жолаушылар тасымалының онлайн-агрегаторы не себепті бұғатталғаны туралы айтты.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан