Иммунолог Зоя Скорпилева қызылша ауруына шалдығудың алдын алудың жалғыз жолы - вакцина деп санайды. Оның сөзінше, аурудың нақты емі жоқ, бәрі белгілерге байланысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Звездаға сілтеме жасап.
Дәрігердің айтуынша, қызылша жұқпалы ауру және адам өміріне қауіп төндіретін салдарлары да болады.
"Жоғары температура басталады, жөтел, мұрыннан су ағады, аурудың бесінші күнінен бастап бөртпе пайда болады", - дейді дәрігер.
Зоя Скорпилева қызылша пневмониясы, алып жасушалы пневмония, қызылша паненцефалиті сияқты вирустың ауыр түрлері қауіпті екені соншалық, кейде адам өліміне де әкеп соқтыруы мүмкін екенін ескертті.
Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық педиатр қызылша ауруының белгілері қандай болатыны мен оның қалай алдын алу мүмкін екенін айтқан болатын.
Қызылша дене температурасының 38-39°C-қа көтерілуімен, интоксикация, дақты-папулезді бөртпелердің сатылы шығуы, энантема, жарықтан қорқу, жоғары тыныс алу жолдарының зақымдалуымен сипатталады.
Қызылшаны ажырататын ең басты белгісі - ауыз қуысы сілекейлі қабығындағы Филатов Коплик дақтары.
Педиатр Кабделова Замира да ауруды жұқтырудың алдын алу үшін вакцинаны уақытылы салдыру керегін еске салды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Әмiр Темiрдiң жорықтары Еуразия тарихына қалай ықпал етті?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз