- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Иммунолог кесілген нанның...
Иммунолог кесілген нанның денсаулыққа қаупі туралы айтты
Бүгінде кесілген нанмен ешкімді таңғалдыра алмайсың, өйткені мұндай нанды қаладағы дүкеннің кез келгенінен табуға болады. Әрине, көлемі мен қалыңдығы бірдей, алып дастархан бетіне қоя салғанға ыңғайлы нан кімге ұнамайды? Дегенмен кесілген нан денсаулыққа қауіп төндірмей ме? Бұл сұраққа аллерголог-иммунолог Евгения Паршина жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "aif.ru" сілтеме жасап.
Кесілген дайын нанның жарамдылық мерзімі қысқа және оның ылғалдылық деңгейі өте жоғары екенін есте ұстаған жөн. Сондықтан да егер оны қажетті температурада сақтамасаңыз, ол пакетінің ішінде жылдам көгеріп кетуі мүмкін. Бұл нанды кескен кезде пайда болып, тараған микробтардың салдарынан.
Сонымен қатар, кәсіпорында нанды кесу кезінде арнайы пышақтар қолданылады. Бұл пышақтар нанның әдемі өңін құртпауы үшін маймен өңделеді, сөйтіп нан үгіндісі бір-біріне жабыспайды. Кейбір кәсіпорындарда майдың сапасы төмен болады, сондай-ақ қосымша қосынды қолданылуы да мүмкін.
"Кесілген дайын нанның бірнеше кемшілігін келтіруге болады. Біріншісі, олар бөлек болғандықтан, толық көгеріп кетуі мүмкін; екіншісі, нанды кескен кезде пайдаланылған май мен қосындының нанға жұғып, қалуы", - деді дәрігер.
Алайда қажетті температурада сақтап, жарамдылық мерзімін қадаласаңыз кесілген дайын нан денсаулыққа қауіп төндірмейді.
Айта кетейік, бұған дейін кімдерге қара нан жеуге болмайтыны хабарланған болатын.
Кейбір адамдар қара наннан бас тартуы керек:
- созылмалы гастритпен ауыратындар;
- асқазанның қышқылдығы жоғарылағанда;
- асқазан жарасының өршуі болса;
- қара бидай нанын үш жасқа толмаған балаларға беруге болмайды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Тері арқылы қанша жылу бөлінеді?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә