- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Иммунитетіңізді түсіретін 5...
Иммунитетіңізді түсіретін 5 әдет
Иммунитет – күрделі жүйе, ол ағзаны вирустар мен бактериялардан қорғайды және ескі немесе ақаулы жасушалардан арылуға қатысады. Адам көп ортада вирустар жылдам таралады. Жиі ауырмас үшін иммунды жүйе қалыпты жұмыс істеуі керек. Кейбір күнделікті әдеттер денсаулығыңызға соның ішінде иммунды жүйеңізге жағымсыз әсер етуі мүмкін. Қандай әдеттер иммунитетті түсіреді?
Суды жеткілікті мөлшерде ішпеу
Күніне 1,5-2 л су ішу керек. Ал физикалық жүктеме және белсенді тер бөліну кезінде су мөлшерін көбейту керек. Судың жетіспеуі сусыздануға, қан қабілетінің нашарлаунына, шырыштылардың құрғап кетуіне әкеледі. Ал олардың бәрі ағзаның жұқпаларға қарсы тұра алмауына әкеледі.
Бөлме ішіндегі ауаны ылғалдандырмау
Қыста үйлер мен кеңселерге жылу бергеннен кейін ауа өте құрғақ болып кетеді. Ол терінің және шырыштылардың құрғауына әкеледі, осылайша иммунитет әлсірейді. Оған қоса, құрғақ ауада жөтелгенде және түшкіргенде тарайтын вирустар мен микроағзалардың бөліктері ұзаққа дейін сақтала алады.
Үйлесімді тамақтанбау
Әртүрлі тамақтанбау және қатаң диеталар сақтау ағзаға дәрумендер мен микроағзалардың жетіспеуіне әкеледі. Әсіресе, газдалған тәтті сусындарды көп ішу қандағы қант деңгейінің өзгеруіне әкеліп, бактериялардың таралуына қолайлы орта жасайды.
Ұйқының жетіспеуі
Адам ұйықтаған кезде барлық орган мен жүйе қалыпқа келеді. Ал күнде ұйқыңыз қанбаса, иммунитет әлсіреп кетеді.
Физикалық жаттығулар жасамау
Иммунитетті сақтаудың басты шарты – физикалық белсенділік. Әсіресе, таза ауада жаттығу жасаудың пайдасы зор.
Оқи отырыңыз: Тұмау кезінде не істеуге болмайды?
А. Жапатова