ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
ҰҚШҰ мәліметінше, кездесу барысында ұйым қызметінің өзекті мәселелері, 2023 жылғы 23 қарашада Минскіде өткен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының шешімдерін іске асыру барысы, сондай-ақ, маусымда өтетін отырысқа дайындық талқыланды.
"Тәжік-ауған шекарасы учаскелерін нығайту жөніндегі мемлекетаралық бағдарламаны іске асыру жөніндегі нәтижелер, сондай-ақ, Қырғызстан мен Тәжікстанның мемлекеттік шекарасын демаркациялау және делимитациялау мәселелеріне көп көңіл бөлінді", - деп жазылған хабарламада.
Кездесу соңында Ресей СІМ қызметкерлеріне Иманғали Тасмағамбетов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының наградаларын табыстады.
Еске салайық, былтыр қыркүйекте де Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің cыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездескен еді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!