ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің cыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҰҚШҰ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 қыркүйекте ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Ресейдің cыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті.
Кездесу барысында Ұйымның жауапкершілік ахуалы, сондай-ақ, ҰҚШҰ жарғылық органдарының алдағы отырыстарына дайындық мәселелері талқыланды.
Еске салайық, бұған дейін Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ бас хатшысы болып тағайындалғаны хабарланған еді.
Тағы да оқи отырыңыз: Әлемдегі ең бай адам кім?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз