Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетті: орнына танымал кәсіпкер тағайындалды

Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетті: орнына танымал кәсіпкер тағайындалды

Кәсіпкер Берік Қаниев Қазақстан гольф федерациясының Президенті болып сайланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Иманғали Тасмағамбетов атқарған болатын. Берік Қаниев гольф федерациясының президенті болып 2 сәуірде тағайындалған.    


Берік Қаниев

Берік Қаниев қазақстандық кәсіпкер және қоғам қайраткері. Ол - "Lancaster Group Kazakhstan" компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы, сондай-ақ білім беру, спорт және экология саласындағы бірқатар әлеуметтік жобалардың құрылтайшысы. Олардың қатарында "Jas Qyran" балалар-жасөспірімдер футбол орталығы, Республикалық физика-математика мектебі (РФММ), Физмат Эндаумент-қоры және "Air Vision" экофонд бар.Сондай-ақ, меценат ретінде "IQanat" және "Аналар Үйі" жобаларын қолдайды.

Федерация өкілдерінің сөзінше, Қазақстан гольф федерациясы президенті лауазымында Берік Қаниев Қазақстанда гольфты дамытумен және насихаттаумен айналысуға ниетті. Бұл ретте осы олимпиадалық спорт түріне көбірек жастарды тарту үшін балалар мен жасөспірімдер гольфін дамытуды жоспарлап отыр.

Еске салайық, Берік Қаниев биыл 19 қаңтарда Қазақстан гольф федерациясының Президенті міндетін атқарушысы болып тағайындалған. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина