Иманғали Тасмағамбетов қызметінен кетеді

ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов осы аптада қызметінен кетеді. 27 қарашада Бішкекте ұйымның жарғылық органдарының отырыстары өтеді, онда жаңа Бас хатшының кандидатурасы қаралады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"ҰҚШҰ сессиясында 2026-2029 жылдарға арналған үш жылдық кезеңге ҰҚШҰ Бас хатшысының кандидатурасын қарау жоспарланған", - деп жазылған хабарламада.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) - халықаралық ұйым, бейбітшілікті, халықаралық және өңірлік қауіпсіздікті нығайту, сондай-ақ, мүше мемлекеттердің тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығы мен егемендігін ұжымдық түрде қорғау мақсатында құрылған әскери-саяси одақ. ҰҚШҰ құрамына Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ-ны 2023 жылғы 1 қаңтардан бері басқарып келеді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!