Иманғали Тасмағамбетов Әзірбайжан қорғаныс ведомствосының басшысымен кездесті

Иманғали Тасмағамбетов Әзірбайжан қорғаныс ведомствосының басшысымен кездесті
Фото: tn.kz

Астанада бүгін 4 қарашада ҚР қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов Әзірбайжан қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Зәкір Ғасановпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кездесу барысында олар 2016 жылға арналған екі ел арасындағы ынтымақтастық жоспарын бекітті.

"Қазіргі кезде Қазақстан мен Әзірбайжан флоттары арасында іс жүзіндегі байланыс орнатуға ерекше көңіл бөлу маңызды болып отыр. Бұл бағыт татулық пен Каспийдегі қауіпсіздік жағдайларын жалғастыру мен нығайту үшін маңызды", - деді ҚР қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов.

Әзірбайжан қорғаныс ведомствосының басшысы, генерал-полковник Зәкір Ғасанов Каспий теңізі су айлағындағы өзара іс-қимыл оңай шаруа еместігін атап өтті. "Біз бірлескен оқу-жаттығуларды өткізуге дайынбыз, өйткені Қазақстанмен бірлескен жаттығулар мен жарыстардан айтарлықтай тәжірибеміз бар. Бірлескен жаттығулар Қарулы Күштеріміздің достығын нығайтып, екі жақтың тәжірибе алмасуға септігін тигізеді деп ойлаймын", - деді ол.

 

М. Бисембаева