Алматыда көрнекті ақын Темірхан Медетбектің рухына жылдық ас берілді. Жиынға танымал қоғам және мәдениет қайраткерлері қатысты. Олардың арасында Иманғали Тасмағамбетов те бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Серік Сейітман әлеуметтік желіде жариялаған видеода асқа келгендер қатарында Ақұштап Бақтыгереева, Қазыбек Иса, Ұлықбек Есдәулет, Асхат Оралов байқалады.
Сонымен қатар, Иманғали Тасмағамбетов жиналған қауым алдында сөз сөйлеген.
Айта кетейік, 2025 жылы мамырда қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Темірхан Медетбек 80 жасында өмірден өтті.
Еске салайық, бұған дейін Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ Бас хатшысы ретінде қызметін аяқтады. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап ҰҚШҰ Бас хатшысы қызметіне үш жыл мерзімге Қырғыз Республикасының өкілі Таалатбек Масадыков келді.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова