Илья Ильиннің әйелі қазақ дәстүрімен сәлем салды

Илья Ильиннің әйелі қазақ дәстүрімен сәлем салды
Фото: видео скрині

Қазақстандық спортшы, ауыратлет Илья Ильиннің қалыңдығы қазақтың дәстүрімен сәлем салып, беташар рәсімін жасады. Спортшы осы салтанатты ерекше ықыласпен, үлкен тебіреніспен орындағанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қазақ халқының, қазақ жерінің перзенті ретінде салт-дәстүрімізді ардақтаймын! Сондықтан @khabartv @oyanqz арнасы беташар рәсімін өткізуге шақырғанда, ойланбастан келістік! Шынымды айтсам, мен өте риза болдым! Қазақстан халқының қолдауын сезіндім, шынында да елімнің ұлы екенімді сезіндім! Осынау әсем де маңызды салтанатты ықыласпен, үлкен тебіреніспен орындадық. Ал сіздер тамашалап, жас отбасымызға ақ бата берсеңіздер, жаңа шаңырағымызға ақ жол тілеп жатсаңыздар, қатты қуанамыз!", - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында.

Илья Ильин құттықтаулар мен жылы лебіздерге алғыс айтып, сәуірде "Құдайдың алдында некесін бекіткісі келетінін" айтты.

"Биылғы 12 қаңтарда Таня екеуміз мемлекет алдында некемізді заңдастырдық, бүгін қазақтың салт-дәстүрі бойынша жүрегімізге мөр бассақ, сәуір айында Құдайдың алдында неке байлауымызды бекіткіміз келеді! Баршаңызға шынайы құрметтеріңіз бен қолдауыңыз үшін тағы мың да бір рақмет айтамын! Мен үшін бұл өмірдегі ең қымбат нәрсе! Барлық Қазақстан халқына махаббат, түсіністік және байлық тілеймін!", - деді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Илья Ильин (@ilyailyinforever)

Ауыратлет Илья Ильин бүгін, 25 қаңтарда Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясының басшысы болуға дайын екенін айтқан еді. Спорт және мәдениет министрі Асхат Оралов мұны спортшының өзімен жеке талқылайтынын мәлімдеді.

Еске салайық, Илья Ильин 12 қаңтарда екінші рет үйленді. Оның қалыңдығы - астаналық кәсіпкер Татьяна Гордиенко.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz