Адамзат тарихындағы жаңалықтардың бірі ретінде тіркеліп үлгерген Falcon 9 зымыраны туралы ұмытып қалмаған боларсыз? Соның бірі Илон Масктың Марсқа бет алған Tesla көлігі. Сіздерге екі бірдей хабар айтамыз: бірі жақсы және бірі жаман. Жақсы хабар біз И.Масктың көлігін тағы да көруге мүмкіндік аламыз, ал жаманы ол жерге құлауы мүмкін. Жаңа деректерге сүйенсек ғарышқа кеткен Starman манекен отырған Tesla көлігі жер орбитасына бірнеше рет айналып өтіп, ақыр соңында құлауы ғажап емес. Бұл туралы Канаданың астрофизик ғалымы Ханно Рейн хабарлады. Бізде барлық бағдарлама бар. Біз ұшудың сәтті болған күнінен бастап Tesla көлігінің жақын арадағы миллион жылда қандай жағдайға тап болатындығын зерттедік ,-дейді ғалым. Миллион жыл әрине өте көп уақыт. Дегенмен бұл ғалымдардың жасап отырған болжамы. Илон Масктың өз зерттеуіне қарағанда Tesla көлігі өз бағытынан тайып кеткен деп есептейді. Бірақ ғалымдардың айтуынша олай емес, көлік осы жылдың соңында Қызыл планетаға жетеді. Көлік жерге келіп құлаған күннің өзінде қауіп жоқ. Себебі ол атмосфера қабатында толығымен жанып кетеді немесе белгілі бір ұшқыны қана жетуі мүмкін.