Илон Масктың анасы әлеуметтік желідегі парақшасында Қазақстанға сапары туралы жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Форумға спикер болып қатысқаныма қуаныштымын. Көптеген кітапқа қолтаңба қойдым, әдемі қолөнермен жасалған пальто киіп, қызық оқиғаларға, сұлулыққа және табысқа толы кеңесімді бердім", - деп жазды Мэй Маск.
Әлеуметтік желідегі парақшасында форумдағы суреттерін жариялаған ол Алматы, Қазақстан хэштегін жазып қалдырыпты.
Айта кетейік, Мэй Маск Қазақстанға келгенде қазақ бүлдіршіннің тұсауын кесіп, кейін форумда өзінің өмірлік жолы, абьюзер күйеуі туралы айтып берген болатын.
Еске салайық, бұған дейін сайтымызда Мэй Масктың өмір жолы мен еңбектері туралы жазған болатынбыз.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз