Илон Масктің анасы қазақстандық баланың тұсауын кесті

Әлемге танымал бизнесмен Илон Масктің анасы Мэй Маск Қазақстанға келді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оның Алматыға келуіне форумға шақырту алуы себеп болған. 

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қарашаш Жүзеева әлеуметтік желідегі парақшасында танымал бизнесменнің анасын қалай күтіп алғаны туралы жазба жариялады. 

Илон Масктің анасы Қазақстанға келген бойда еліміздің салт-дәстүріне куә болып үлгерді. Нақтырақ айтсақ, ол кішкентай қазақ қызының тұсауын кескен. Тұсаукесер рәсімінен кейін қыздың ата-анасы Мэй Маскке шапан жауып, жүзік таққан. 

Айта кетейік, Илон Масктің анасы Мэй Маск кітаптың авторы, модель. Оның үш баласы бар. Ұлдары - Илон Маск пен Кимбал Маск. Тоска Маск есімді қызы бар.

Мэй Маск диетология саласында жұмыс істейді. Диетолог ретінде Канададағы барлық провинцияларда және АҚШ-тың 39 штатында лекция оқыған.

Еске салайық, Мэй Масктің ұлы Илон Маск - канадалық-американдық инженер, кәсіпкер, өнертапқыш және инвестор, миллиардер. SpaceX және X.com компаниясының негізін қалаған.  

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз