Илон Маск сайлау түнін Трамппен бірге өткізеді

Миллиардер Илон Маск сайлау түнін АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан үміткер Дональд Трамппен бірге өткізуді жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі The New York Times басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, Маск кештің бір бөлігін Трамптың Мар-а-Лаго резиденциясында Флорида штатындағы Палм-Бичтегі мерекелік шараларды өткізуге ниетті.

Ол Трамппен бірге сайлауда және дауыстарды санауды бақылау үшін жиналған шағын топтың арасында болады.

Еске салайық, шілде айының ортасында Трамптың Пенсильваниядағы сайлауалды үгіттерінің бірінде оның өміріне қастандық жасалған болатын. Осы кезде АҚШ-тың бұрынғы президентін Маск толық қолдайтынын айтты.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз