Америкалық миллиардер және кәсіпкер Илон Маск 500 миллион жылдан кейін Жер өмір сүруге жарамсыз болады деген пікір айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengri Life-ке сілтеме жасап.
SpaceX пен Tesla негізін қалаушының айтуынша, коллапс Күннің қазіргі кеңею қарқынына байланысты болады.
X әлеуметтік желісінде пайдаланушылардың бірі бес миллиард жылдан кейін Күн жарылатынын және Марс адамзаттың өмірін сақтап қалудың ең жақсы мүмкіндігі болуы мүмкін екенін жазды.
"Біздің Күннің кеңеюі осы уақыттың 10 пайызынан кейін (шамамен 500 миллион жыл) Жерді өмір сүруге жарамсыз етуі мүмкін", - деп жауап берді Маск осы жарияланымға.
Еске салайық, бұған дейін ғалымдар да Жер қашан өмір сүруге жарамсыз болатынын болжаған болатын. Сондай-ақ зерттеушілер адамзат жаңа жағдайларға бейімделуге немесе планетамыздан тыс жаңа мекен іздеуге мәжбүр болуы мүмкін екенін айтты.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!