Tesla компаниясының бас директоры Илон Маск 2021 жылы 10 миллиард доллардан аса пайда тапқан. Ал бұл оның әлемдегі ең бай адам екенін және ең көп ақы төленетін бас директор екенін білдіреді, - деп хабарлайды Daily Mail.
Басылым мәліметінше, Маск бұл тізімді төрт жыл қатарынан бастап келеді. Оның жалақысының көп бөлігі - жеке байлығын 78 миллиард долларға арттыратын түрлі акция. Масктің дүниесі шамамен 269 миллиард долларға бағаланады.