Соңғы жаңалықтардың барлығы Илон Масктың айналасынан шығар емес. Бұған себеп бар. Әлемді технологиясымен таңғалдырып қана қоймай, адамзат үшін пайдасын тигізу жолында жұмыс жасап жатқан кәсіпкердің ұжымы үлкен жетістікке жетті. Tesla көлігін алып ұшқан зымыран орбитаға шығып, жан-жаққа бөлінген соң іштегі көлік Марсқа қарай жол алған болатын. Илон Маск осы жолы тағы да өз жаңалығын бөлісті: Spacex компаниясы болашақта ғарышқа 4425 спутник ұшырып, бүкіл әлемді жылдамдағы 1 гб жететін тегін wifi-мен қамтамасыз етемін. Алғашқы кезеңде 800 спутник ұшырып АҚШ-ты тегін интернетпен қамтуды көздеп отырмын дейді.