Илон Маск АҚШ президенттік сайлауында дауыс берді

Илон Маск АҚШ президенттік сайлауында Техас штатында өз таңдауын жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Себебі Техаста SpaceX компаниясы пайдаланатын Starbase ғарыш айлағы мен өндірістік алаңының үйі орналасқан.

Америкалық кәсіпкер өзінің дауыс беруге барғанын X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

"Жаңа ғана Starbase орналасқан Техас штатындағы Кэмерон округінде дауыс бердім", - деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін Илон Маск сайлау түнін Трамппен бірге өткізетінін мәлімдеген болатын. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!