Tesla және SpaceX басшысы Илон Маск Twitter-де контент реттейтін кеңес пайда болатынын айтты. Бұл туралы ол Әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Twitter-де түрлі көзқарастағы контентті модерациялау кеңесі құрылады. Бұл кеңес жұмысын бастағанға дейін контент немесе бұғатталған аккаунттарды қалпына келтіруге қатысты шешімдер қабылданбайды", - деп жазды Маск.
Еске салайық, 28 қазанда Илон Маск ресми түрде Тwitter басшысы болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!