Иесіне бұрыш спрейін шашқан: Ақмола облысында көлік ұрламақ болған күдікті ұсталды

Иесіне бұрыш спрейін шашқан: Ақмола облысында көлік ұрламақ болған күдікті ұсталды
Фото: elements.envato.com

28 қарашада таңғы сағат 04:45 шамасында Есіл ауданының полиция бөліміне автокөлікті ұрлау әрекеті туралы хабарлама келіп түсті. Жергілікті тұрғын өзінің үйінің жанында тұрған Audi A4 көлігіне белгісіз біреудің кіріп жатқанын байқап, полицияға жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға орнында анықталғандай, көлік иесі көлігін үйінің қақпасы алдына қойып, есіктерін жабуды ұмытқан. Таң сәріде иттің дауысына елең еткен ол терезеден қарағанда, көліктің ішінде бөгде адамды көріп, көшеге жүгіріп шыққан. Иесі күдіктіні көліктен шығарып, жерге құлатқанымен, қаскүнем бұрыш спрейін қолданып, қарсыласуға тырысқан. Тіпті оның қолындағы адаптер модулін тастай салып, көмекке келген көлік иесінің әйеліне де спрей қолданған. Кейіннен қаскүнем теміржол көпірі бағытына қашып кеткен.

Жедел хабарды алған полиция қызметкерлері күдіктінің сипаттамасы бойынша іздестіру жұмыстарын ұйымдастырып, бірнеше минуттың ішінде оны қаланың орталық алаңында қолға түсірді.

Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан